Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкім Сапарбаев демалыс күні Спорт сарайына келіп наразылығын айтты

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірде спорттың дамуы үшін бар жағдай жасалғанын, алайда нәтиже жоқ екенін айтып наразылық білдірді.

 Бердібек Сапарбаев

Бұған дейін әкім Азиадада жоғары нәтиже көрсетпеген спортшыларға көңілі толмайтынын айтқан еді, деп жазады Актобе Таймс.

«Спорт мектептер, бапкерлер аз деп ойламаймын. Облыста жасөспірімдерге арналған 30 спорт мектебі бар. 500 бапкер бар. Енді хоккей командасын құрсақ па деп отырмыз. Өтініш жазып, ақша аудардық. Бәрі волейболды да, баскетболды да жақсы ойнайтын секілді. Бірақ оны дамыту керек», – дейді әкім.

Бердібек Сапарбаев облыстық спорт басқарма басшысы мен аудан әкімдерінен кеңестік жылдардағыдай спорт түрлерін жүргізуді сұрады.

«Облыста ғана емес, аудандарда спортты дамыту керек. Бұрынғыдай «Былғары доп» жарысын ұйымдастыру керек. Ауданаралық, қалааралық, өңіраралық шараларды ұйымастырып, мектеп пен колледж, оқу орны, әріптестер арасында, мемлекеттік қызметкерлер арасында жарыс жасау керек. Өкінішке қарай ондай шаралар аз», – дейді Сапарбаев.

Әкім жаңа салынған спорт сарайларының демалыс күнінде жұмыс істемейтінін атап өтті.

«Жекпе-жек»сарайы таңғы 6:00-ден түнгі 22:00-ге дейін жұмыс істеуі керек. Хоккей сарайы да солай. Кейде демалыс күндері барсам, есігінде құлып тұрады. Жексенбіде жұмыс істемейтінін айтады. Сіздер демалыста жұмыс істемегенде, қай уақытта жұмыс істейсіздер? Сонша ақшаны жұмсап, не үшін объект салып жатырмыз? Кәсіпкерлер не үшін ақша құйып жатыр? 50-60 федерация қайда? Соңғы екі жылда 60 спорт объектісін салдық. Алматы мен Астанадан басқа еш қалада біздегідей объект салып жатқан жоқ. Бірақ еш нәтиже жоқ», – деді әкім.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау