Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ахметжан Есімовтың демалыстағы суреті желі қолданушылардың наразылығын тудырды

Ғаламторда «Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің демалыс киімімен түскен суреті жарияланды.

есимов

Instagram желісіндегі ztb_kz аккаунты  Алматы қаласының бұрынғы әкімі, қазіргі «Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің демалыс киімімен түскен суретін жария етті.

Суретте Есімов пальма ағаштары өскен жағажайда демалып жүргенге ұқсайды. Және демалыс орны орналасқан мекеннің тұрғыны да суретке түсіп қалған. Желі қолданушылары осыған қарап, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бірінде демалып жүрген болар деген болжам жасаған.

Қолданушылардың бірі оны елімізде девальвация болып жатса, қыдырып жүр деп айыптаса, енді бірі бұл кісінің де дем алуға қақысы бар дегенді айтып, өзара талқыға салып жатыр.

Талқылау