Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ахметжан Есімов: ЭКСПО көрмесіне тұтастай Алматы облысынан гөрі, мен көп билет сатып алдым

«Астана Экспо-2017» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Алматы облысы бұл көрмеге өте аз билет сатып алып жатқанына таңғалды.

1431514368zqx9s

Сурет today.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Серік (Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев агенттік), қазір билет сатуға елу пайыздық жеңілдік жүріп жатыр. Ал, Алматы облысы небары он билет сатып алған. Тіпті айтуға ыңғайсызданып отырмын, бірақ менің өзім жалғыз Алматы облысынан гөрі көп билет сатып алдым», – деді Ахметжан Есімов.

Бұған дейін А.Есімовтің орынбасары Ербол Шорманов мәлім еткендей, 20 күн ішінде 2017 жылы өтетін «ЭКСПО» Халықаралық көрмесіне бес мыңнан аса билет сатылған.

«Әкіміңе айта бар, сендер ең аз билет сатып алған екі облыстың бірісіңдер. Қызылорда облысының бары сендер үшін жақсы болар ма!?» – деді А.Есімов.

Оқи отырыңыздар:

Ахметжан Есімов: ЭКСПО-2017 билеттері кинотеатр билеттерінен қымбат емес

ЭКСПО құрылысынан 78 млрд. теңге үнемдеген Есімов елбасының алғысына бөленді

Есімов «Экспоның» бас ғимаратын «Нұр әлем» деп атауды ұсынды

Талқылау