Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ахметжан Есімов: Мен өзіммен бірге бір жәшік темекі тасып жүруге тырыстым

“Астана ЭКСПО-2017” ҰҚ АҚ төрағасы Ахметжан Есімов 1990 жылдары Қазақстандағы қиын-қыстау кезең туралы әңгімелеп берді.

esimov-8874273497234972374

Фото: 365info.kz

“Хабар” телеарнасының эфирінде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен “25KZ: Жаңаша тарих” атты деректі фильм көрсетілген болатын.

Есімов ол кезде премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған. Сол кезеңде оған қойылған темекі туралы сауал саясаткерді біраз абыржытып тастағанға ұқсайды.

“Бір ауылға, елді-мекенге келіп басшыларды жинайсың. Ал олардан игілікті көзқарас байқала қоймайды. Ол кезде жас министрмін. Бір күні маған “Сонымен, темекі әкелдің бе?” деген сұрақ қойды. Мен таңғалып қалдым. Ол кезде темекі бойынша проблема шаш етектен еді. Сол себепті келесі жолы сапарлатқанымда өзіммен бірге бір жәшік темекі алып шығуға тырыстым”, – дейді Есімов.

Бұған дейін президент Назарбаев осы фильм барысында Астана қаласын кімдердің ақшасына тұрғызғанын айтып берген еді.

Талқылау