Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ахметовпен бірге сотталған тағы бір шенеунік мерзімінен бұрын босады

Қарағандыда Серік Ахметов ісі бойынша сотталған тағы бір экс- шенеунік мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Қаланың жер қатынастары бөлімін басқарған Ернар Дәрібеков сот белгілеген екі жыл мерзімнің аяқталуына 2 ай қалғанда түрмеден босатылып отыр, – деп хабарлайды КТК арнасы.

image

Фото: mgorod.kz

Дәрібеков колонияның іші мен сыртының тазалығына қатты мән беріпті. Сондықтан ауланы абаттандыру жұмыстарына белсене араласқан екен. Өзін өзі тәрбиелеу үйірмесіне қатысып, колония басшылығы тарапынан 2 алғыс хат та алған.

Дәрібеков Ахметов ісімен сотталып мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан үшінші шенді. Бұған дейін Қарағанды облысының және қаланың экс әкімдері Бауыржан Әбдішев пен Мейрам Смағұлов та босаған. Ал 8 жылға сотталған Серік Ахметовтың өзінен мерзімінен бұрын босату туралы өтініш әзірге түспепті.


Жіберіп алмаңыз:

Түрмеден босатуды сұраған Серік Ахметов өкінетінін айтты

Серік Ахметов 2 миллиардтан астам ақшаны бюджетке қайтарды

Серік Ахметов 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Серік Ахметов тергеушілердің таққан айыбын түкке тұрғысыз деп атады

Талқылау