“Ахметов ісі” бойынша сотталғандардың барлығы түрмеден шығып үлгерген

Бейсенбі, 21 Қыркүйек , 2017 21:35

Осы атышулы істе Серік Ахметов шатылғандардың соңы болып шыққан екен, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Сурет: Kapital.kz

Осыған дейін Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішев пен Қарағанды қаласын басқарған Мейрам Смағұлов та қапастың қақпанынан құтылған болатын. Жүзден астам адам тергелген, атан түйеге жүк болатын істе экс-пермьермен бірге 21 шенеуік жаза арқалап, уақыт өте босады.

Ол тізімде Қарағанды облысының бұрынғы әкімінің орынбасары Ғабит Мұхамбетов, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының бөлім басшылары Мұхтар Адамбеков, Айдос Жакеновтер бар. Жер қатынастары бөлімінің басшысы болған Ернар Дәрібеков те батқан ұйықтан аман шықты. Сын сағатында дос бейтанысқа айналатын бұл сотта ақша бергендерін мойындап, түрмеден құтылған Әлжан Ақмолдаев, Думан Нұрбаев, Ғұмар Рахымжанов сынды кәсіпкерлер де бар.


Жіберіп алмаңыз:

Нұрсұлтан Назарбаев туған ауылына барып, жерлестерімен әңгіме-дүкен құрды

Елбасы Алматыдағы Наурызбай ауданының жаңа әкімшілік орталығын аралады

Божко ауыл жастарына қатысты мәлімдемесін түсіндірді

Қайрат Келімбетов миллиондап жалақы алатынын ашық айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар