Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкесін туған күнімен құттықтаған Мейрамбек Бесбаев көптің жүрегін елжіретті (фото)

Мейрамбек Бесбаев өзінің дүниеге келуіне себепші болған ардақты әкесін туған күнімен құттықтап, көптің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz.

бесбаевтар-010317

Мейрамбек әкесі Әбіләшім Бесбаевқа деген тілегін өлеңмен жеткізді:

“Мейірім шашқан көзіңнен,
Өмірдің өзін көремін.
Əкелік асыл сөзіңнен,
Жолымды тауып келемін! Туған күніңмен Асқар тауым!

Өскен соң өлмес мұра өлеңге ұйып,
Басымды көрмегем бос беделге иіп…
Мен үшін адамзатта жан жоқ, сірә,
Сенен Өр!
Сенен Асқақ!
Сенен Биік!… (Қалқаман Сарин)”

Желі оқырмандары қазақ халқына Мейрамбек Бесбаевтай асыл ұлды тәрбиелеп берген Әбіләшім Бесбаевты туған күнімен құттықтап, жүрекжарды тілектерін арнады.

мейрамбектін ата-анасы

Мейрамбек Бесбаевтың ата-анасы

“Сендей ұлды қазаққа өсіріп, тәрбиелеп берген асқар тау әкеңіз ғұмырлы, бақытты болсын”, “Жасы ұзақ болсын, Алла екі дүниенің бақытын нәсіп етсін”, “Әке деген ұлы есімге дақ түсірмейік, құтты болсын. Немерелерінің қызығын көрсін”, “Өмір жасы ұзақ болсын”, “Алла қуат, денсаулық берсін”, – деп ақ тілектерін жолдады желі оқырмандары.

Жіберіп алмаңыз:

Мейрамбек Бесбаевтың жаңа образы тыңдармандарына ұнамай қалды (фото)

Танымал ақын Димаш орындаған “Адажио” әнін қазақша сөйлетті (видео)

Мәдина Сәдуақасова өзін күйеуімен табыстырған жандарға алғыс айтты

Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі ел алдына іш киіммен шығып ұятқа қалды (фото)

 

Талқылау