Әкесі жеті айлық ұлының қолын ыстық табаға күйдірген

Санкт-Петербургте мас болған әке кішкентай ұлының қолын ыстық табаға күйдіріп, ұрып-соққан. Балаға медициналық көмек көрсетіліп, қазір амбулаторлық ем алып жатыр.

Санкт-Петербург және Ленинград облысындағы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Лермонтов көшесіндегі үйлердің бірінде 28 жастағы жұмыссыз ер адам жеті айлық баласына жәбір көрсеткен. Ішімдікке сылқия тойып алған әке таңғы сағат алтыларда кішкентай баласының қолын қызып тұрған табаға қүйдіріп, артынша ұрып-соққан.

Зардап шеккен балаға медициналық көмек көрсетілді, содан кейін амбулаторлық емделуге жіберілді.

Сондай-ақ, 28 жастағы ер адамға РФ Қылмыстық кодексінің 119-бабының 1-тармағына (өлтіру немесе денсаулығына елеулі зиян келтіру) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қатігез әке 2 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жіберіп алмаңыз:

Желі қолданушылары қозғалған сушиді көріп шошыды (видео)

«Англия Аруы» әскерде көрген қорлығы жайлы айтты

Әйел қайтыс болған ұлының ұрығын пайдаланып, әже атанды

Төреші тоғыз футболшыны ойыннан аластатып, ойыншы жетіспегендіктен матчты тоқтатты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар