Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкесі жеті айлық ұлының қолын ыстық табаға басқан

Үйіне мас күйінде келген әке жеті айлық ұлының қолын ыстық табаға басып, бірнеше рет ұрған. Салдарынан бала ауруханаға түсті.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды, РИА Новости агенттігіне сілтеп.

Оқиға Санкт-Петербургте таңғы сағат 6 кезінде болған. Лермонтов көшесіндегі үйлердің бірінде 28 жастағы ер адам жеті айлық ұлының қолын ыстық табаға басқан.

Алькогольді ішімдік ішіп алған  жұмыссыз азамат баласын бірнеше рет ұрған.

Зардап шеккен сәбиге медициналық көмек көрсетілді. Қазір емханада жатыр.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.  28 жастағы қатыгез әке екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тағы оқыңыз:

Ұрық доноры болған ер адамның қызы 40 бауырын тапты

Еліктің аналығы баласын құтқару үшін қолтырауынның құрығына әдейі өзі түсті (видео)

Діни басқарма құрсақ ана болудың шариғи үкімін айтты

Ақтөбелік суррогат аналар қызметі үшін 2,5 млн теңге алады

 

Талқылау