Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкесі ұлына бүйрегін беру үшін 51 келі салмақ тастады

Ұлыбританиядағы Лосток Холл қаласының 61 жастағы тұрғыны Барри Стоукстың салмағы 127 келі болатын. Дәрігерлер оған артық салмағының салдарынан ұлына донор бола алмайтынын айтқан.

Әкесі ұлына бүйрегін беру үшін 51 келі салмақ тастады

Барридың ұлы Алан жасөспірім болған кезде оған сирек кездесетін қатерлі ісік диагнозы қойылды. Дәрігерлер баланың бірнеше ай ғана өмір сүретіндігін айтқан. Дегенмен ол қарқынды емделгендіктен аман қалды. Бірақ көптеген химиотерапиядан кейін оның бүйрегінде қиындықтар туындаған. Бұл туралы Ladbible хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Алан қазір университетте оқиды, сондай-ақ ол онкологиялық емдеуді әлі де жалғастыруда. Дәрігерлердің айтуынша, оған жақында бүйрек доноры қажет болуы мүмкін. Оның үстіне тек туысының ғана бүйрегі сәйкес келеді. Науқас жігіттің әкесі ұлына донор болуға бірден келісті. Бірақ оның салмағы артық болғандықтан баласына донор бола алмады. Ер адам науқас ұлының өмірін құтқару үшін салмақ тастауға шешім қабылдады. Ол өзіне жеке жаттықтырушы жалдап, белсенді жаттыға бастады.

Аланның әкесі отбасы мүшелері қолдап отырғанын атап өтті. Нәтижесінде 51 келі салмақ тастаған Барри Стоукстың салмағы қазір 76 келіге түсті. Сонымен, ол артық салмақтан арылып ең жақын адамдарының біріне донор бола алады.

Оқи отырыңыз:

“Манчестер Ситидің” жанкүйері әйелін бәске қойып, жеңіліп қалды

Хакерлер әлемдегі ең танымал видеоны YouTube желісінен өшіріп тастаған

Хабаровск қаласындағы көшелердің біріне Ми-8 тікұшағы құлап, алты адам көз жұмды

Жапондық азамат әлемдегі ең кәрі адам деп танылды

Талқылау