Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әкесі суға батып бара жатып, үйге қайт деп меңзеген: 3 жасар бала аман қалды

Ресейдің Хабаровск өлкесінде орманда қалған 3 жасар бала аман қалды. Ол 30-35 градус аязда қалған.

Әкесі баласын балабақшадан алып қайтар жолда балық аулау үшін судың жағдайын білмек болады. Ол баласын орманда қалдырып, өзі қаркешкішпен мұздың үстімен жүреді. Осы кезде мұз жарылып, ер адам суға батып кеткен. Баласына ауылға қайт деп қана түсіндіріп үлгерген. Баласы қаркешкіштің ізімен кері қайтады. Алайда ауылға емес, басқа жолға түсіп кетеді.

Бұл кезде кәсіпорыннан келе жатқан тұрғынның бірі баланы байқап қалып, үйіне жеткізіп тастайды.

Әкесінің өлімі жайлы 3 жасар баласы түсіндіріп берді. РФ Комсомольск ауданы Кенай ауылының әкімшілігінің мәліметінше, ер адамның денесі су астынан іздестіріліп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр