Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкесі Рождество күні қызының мазағына алданып қалды

Британдық қыз Джуди Браун Рождество түні әкесін әзіл ретінде алдады. Қызы брюссел орамжапырағын әкесінің сүйікті конфетінің ішіне орап қойды.

Бұл ойын желіде тез тарап кетті. Браун 2016 жылы да әкесін алдаған болатын. Ол кезде орамжапырақты сары орағашқа қаптап, қорапқа салады. Әкесі конфеттің бірін ашып, қызының өзін алдағанын бірден түсінген.

Биыл да қызы сол ойынды жалғастырды. Бірақ әкесі бірден біле қоймайтындай ойластырды. Фундук дәнін шоколадпен араластырып, жаңғаққа салды. Конфет кепкенде қағазына орап, фирмалық қорапқа салды.

Қызы қорапты тәтесінен келген сыйлықтар қабына салып қояды. Сөмкеден тәттілерді алып шыққанда әкесі оған күдікпен қарап, мереке күні жемейтінін айтады. Таңертең отбасымен шай ішкенде сыйлықтарды ашады.

“Әкем қорапты ашып, конфетке қарап тұрып аузына салды. Әлі де түсіне алмай тұрды. Түрінде қорқыныш сезімі болды. Мен күле бастадым. Осылай күні бойы күлдім”, – дейді қызы.

Желідегілер қыздың ойынын ұтымды деп тапты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау