Әкесі құтырған ит қапқан ұлының өліміне кінәлілердің жазаланбағанына ашынады

Сенбі, 27 Тамыз , 2016 12:45

Шымкентте құтырған ит қапқаннан кейін, Мұхан Әшірбаевтың 28 жастағы баласы қайтыс болған. Тұрғынның сөзінше, медицина маманының кәсіби міндетіне немқұрайды қарау дерегімен о баста қылмыстық іс қозғалған. Бірақ, істі шымкенттік полицейлер сол-күйі жалғастырмай отыр деп ашынады.

5456865776

 

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Құтырған ит қапқаннан кейін арада 10 күн өткенде, Мұхан Әшірбаевтың 28 жастағы ұлы Бағдат Әшірбаев ауруханада көз жұмған болатын. Қара жамылған әке перзентінің тірісінде-ақ, “ұлыма ем жасаңдар” деп дәрігерлердің біразымен төбелесуге дейін барған. Кісі өлімінен кейін қозғалған қылмыстық іс арада төрт ай өтсе де, қозғалыссыз күйде дейді. Сорақысы, «өз қолыммен тергеуге табыстаған ондаған құжаттың бұл күнде жоғалғанына таңмын» ,-дейді тұрғын.

«Тек қана бес-алты адамнан, жеті-сегіз адам ба, білмеймін, жауап алынған. Басқа ештеңе қозғалыс жоқ. Апарып берген қағаздарымның біреуі жоқ. Скорыйдың қағазын апарып бергенмін, лабораторияның қағазын апарып бергенмін, ветеринарияның қағазын апарып бергенмін. Ол жерде бір қағаз жоқ», – дейді Мұхан Әшірбаев.

Шағымданушы аяғынан тозып, «Нұр Отан» партиясына, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен тергеушіге сан мәрте барғанын айтады. Алайда, нәтиже жоқ деп отыр. «Генералға кіремін!» деп дау көтергеннен кейін ғана Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық полиция бөлімі басшылығы істі алған жаңа тергеуші 10-15 күнде бір шешімге келеді деп уәде етті дейді.

«Аталған азаматтың арызы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 317-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бағдаттың қайтыс болу жәйті бойынша фармацевтикалық бақылау сараптамасы тағайындалды. Қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – дейді Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің аға тергеушісі Досхан Досқұлов.

Отбасы мүшелеріне де ем-дом жасаңдар деп дәрігерлерді тыңдата алмаған Мұхан Әшірбаев, ұлы қайтыс болған түнгі бірлерде Бағдаттың әйелі мен екі қызына дәрігерлер ине салғанын айтады. Алғашқы күні-ақ емханадағы медбикенің қан сауғалаған ұлының қолына қарағысы да келмегенін, «тергеуге жүз қайталадым»,- дейді. Ол қызметкерге басшылық сөгіс жариялапты. Шағымданушы мұны қылмысты бүркемелеу деп түсінетінін айтуда. Кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тартпай отырған құзырлы орындағыларға шағым түсіремін дейді.

Жіберіп алмаңыз: 

Ақтауда 6 жасар баланы қаңғыбас ит қауып алған

Қостанайлық дәрігерлер ит қауып алған баланың мұрнын сақтап қалды

Семейде құтырған ит өз иелерін қауып алды

ОҚО-да ит қапқан қыз құтыру дертінен көз жұмды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар