Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Әкешім, жыламаңыз”: Марқұм анасына ән арнаған Абай Бегейдің қызы жұртты жылатты (видео)

Абай Бегейдің қызы марқұм анасына ән арнап, көптің көзіне жас келтірді. Өнер иесі ортаншы қызының орындауындағы әнді желідегі парақшасына жүктеген, деп жазады Stan.kz.

"Әкешім, жыламаңыз": Марқұм анасына әр арнаған Абай Бегейдің қызы жұртты жылатты (видео)

Абай Бегейдің үш қыз, бір ұлы бар. Ал анасына ән арнаған әншінің ортаншы қызы – Сымбат. Көптің жүрегін елжіреткен ән “Сағындым анашымды” деп аталады.

Желі қолданушылары әннің өте әсерлі шыққанын, ал кішкентай Сымбаттан болашақта үлкен жұлдыз шығатынын атап өтті.

“Балапаным-ау сол”, – деп жазды әнші Ғаділбек Жаңай.

“Жаным даусыңнан айналдым. Әкелерің аман болсын, аналарыңның жаны жәннатта болсын. Құлыншағым”, – деп пікір білдірді желі қолданушыларының бірі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

“Сағындым Анашымды”❤ @symbat_abaikyzy #Сымбат_Сағындым_Анашымды

Публикация от Абай Бегей (@abai_begei)

Естеріңізге сала кетейік, Абай Бегейдің бірінші жұбайы 2015 жылы өмірден озды. Үш жылға жуық уақыт балаларын жалғыз тәрбиелеген әнші биыл өзінен 16 жас кіші аруға үйленген еді. Таяуда Stan.kz тілшісіне сұхбат берген Абай бесінші перзентін күтіп жүргенін жеткізген болатын.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау