Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әкем түн жарымында тұрып өкіріп жылайды": сәләфиттік ағымның жетегінде кеткен жігіттің әпкесі көпшіліктен көмек сұрады

Айзада есімді Аягөз тұрғыны туған інісінің сәләфиттік ағымға кіріп кетіп, ешкімге бағынбай кеткенін айтып, осындай жағдайға тап болған көпшіліктен көмек сұрады. Бойжеткеннің сөзінше, жат ағымның жетегіне кеткен бауыры отбасын әбден сары уайымға салған. Ал баласының бетін қайтара алмаған әкесі түн жарымында тұрып, өкіріп жылайды екен, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сәләфиттік ағымның жетегінде кеткен Айзаданың інісі 1995 жылы туған жап-жас жігіт. Ол 12 жасынан бастап намазға жығылған. Бірақ, әкесінің айтуынша, Еркебұлан есімді көрші бала терезені жауып қойып, оған намаз оқытатын. Бұнымен қойма, Дарын деген жігіттің YouTube-тегі уағыздарын тыңдатқан екен.

«Осыларды тыңдап өскен інім бір күні Аягөздегі мешітке барып шу шығарды. Оны жергілікті имамдар таниды. Қазір ол ауылда тұрып жатыр. Оған бәрін түсіндіріп, қателесіп жүргенін айтсақ бізді мүлдем тыңдағысы келмейді. Имамдар бұны «сәләфизм» деген мұсылманшылықтың бір түрі» дейді. Ол тіпті әкемді тыңдамайды. Айтқанын тыңдата алмаған әкем түннің бір уақытында тұрып: «А, құдай, саған не жаздым?!» деп өкіріп жылайды»,-дейді Айзада. 

Жас жігіт ата-анасын жылатқанымен қоймай, соңғы кездері тіпті әпкесіне қол көтеретін болыпты. Ол анасы мен әпкесіне орамал тағыңдар деп, оларды тұмшалап қоймақшы екен. Әке-шешесі мен туған әпкесін әбден қинаған жігіт не молдаларды менсінбейді. Ал әйелі мен баласы ол үшін екінші соттарғы адамдар. Бауырының осындай жат ағымның жетегінде кеткеніне қапа болған бойжеткен інім тіпті шелпек салдырпайды дейді. 

«Не теледидардан өлең тыңдатпайды, не  жеті шелпек пісіртпейді. Күндіз-түні айтатыны қорқынышты уағыздар. Оның үстіне ол өте қызғаншақ. Дінге ерте кезден бет бұрғандықтан  ба, психикасына зақым келген сияқты»,- дейді Айзада. 

Айтуынша, інісі былтыр көтеріліп, қатты ауырған екен. Сонда оны Алматыдан қол-аяғын байлап әрең әкеліпті. Миы уланған  жігіттің әпкесі ініме дін мамандарының емес, кәсіби психологтардың көмегі қажет сияқты дейді. Бірақ, олар көпбалалы отбасы болған соң, бауырын емдетуге әзір қаражаттары жоқ. Кімнен көмек сұрарын білмей басым қатқан Айзада осындай жағдайға тап болған кісілер  болса, өз кеңестерін берсе екен дейді.

Айта кететіні, Айзаданың бауыры көпбалалы отбасынан шыққандықтан жоғары білім ала алмаған. Бүгінде жат ағымның жетегінде кеткен жігіт жұмыссыз. Туыстарының айтуынша, мінезі қиын болғандықтан, ешқандай жерде жұмыс істей алмайды. 

Талқылау