"Әке, сені жақсы көремін": Қарағандылық әйел 20 жылдан бері туған әкесін іздеп жүр

Қарағанды облысының тұрғыны 20 жылдан бері туған әкесін іздеп жүр. Анасы күйеуімен ажырасқаннан кейін оны үйден қуып шығып, қызымен араласуына тыйым салған.

Әке, сені жақсы көремін: Қарағандылық әйел 20 жылдан бері туған әкесін іздеп жүр

Бұл туралы «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Марина Рейденбах әкесімен соңғы рет 35 жыл бұрын кездескен. Сол сәт оның есінде екен. Ол кезде Марина небәрі 2,5 жаста болған.

«Әкем келді. Оның түрін ғана есте сақтап қалдым. Бойы ұзын, бұйра шашты еді. Сол кезде анам маған: «Үйге кір, бұл бөтен аға. Оған барудың керегі жоқ», - деді. Мен үстелдің астына тығылып қалдым. Әлі есімде», - дейді әйел. 

Ата-анасы ажырасып кеткен. Алайда оған не себеп болғанын Маринаға ашып айтпапты. Бір белгілісі, оның анасы бұрынғы күйеуіне қатты ренжіген. Себебі үйдегі суреттердің бәрін жоқ қылып, әкесі туралы сұрақ қоюға тыйым салыпты. Марина жасөспірім кезінде туу туралы куәлігінен әкесінің аты-жөнін көріп, біліп алған. Ол - Михаил Александрович Хворов. Әжесі оның 1958 жылғы екенін айтқан.

Маринаның сөзінше, әкесі Майқұдық немесе Пришахтинск ауданында тұрған. 

«Әке, егер мені танысаң, әрине, сені көргім, естігім, әрі қарай байланысты үзбеуге тырысқым келеді. Әке, сенің 5 немерең бар. Үлкені 20 жаста. Қалғандары – 18, 10, 7 және 3 жаста. Сені жақсы көремін. кездесеміз деп үміттенемін», - дейді Марина Рейденбах.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Загрузка...
Қазір оқып жатыр