Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Әке арманы”: Ағайынды Енсеповтер бір күнде қос бейнебаянмен қуантты (видео)

Ағайынды Енсеповтер бір күнде екі бейнебаян ұсынып, тыңдармандарын қуантты. Ағайындылардың үлкені Асылбек Енсепов "Әке арманы" атты күйіне, ал кішісі Сырымтай Енсепов "Асыл заман-ай" атты әнге түсірген бейнебаянын жарыққа шығарды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Философиялық мәні бар туындылардың насихаттаушылары бұл жолы да әдеттерінен жаңылған жоқ. Терең мағынаға, лирикаға толы қос бейнебаян есті құлақты тұңғиық ойға жетелейтіні сөзсіз. Айта кетейік, Асылбек Енсеповтің бейнебаянына танымал актер Әбунасыр Серіков түскен. Көпшілік анда-санда бір көрінсе де, сапаға жұмыс істейтін күйшінің жұмысын жоғары бағалауда. Сырымтай Енсеповке келсек, тыңдармандар оны марқұм Батырхан Шүкеновке қатты ұқсайтынын жарыса жазуда. Жіберіп алмаңыз: Сахнаға ұлын алып шыққан Ерке Есмахан жұртты сүйсіндірді (видео) «Халқымыздың ұлы қызы»: Алагөзовтің әкесі болашақ келіні Баянға ән арнады (видео) Жас жігіттің Ерке Есмаханға жолдаған ғашықтық хаты желіні шулатты Сиви Махмуди Ернар Айдардың құпиясын ашып қойды
Талқылау