Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Сейітмағамбет 3 айлық сәбиін телехикаяға түсірді (видео)

Ақбота Сейітмағамбет ұлының да түсірілім жұмыстарына атсалысып жатқанын айтып мақтанды.

20968846_460577854311298_7687759282497912832_n

Сурет: Ақбота Сейітмағанбеттің жеке парақшасынан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда Ақбота Сейітмағамбет “тақиясыз періштенің” келіншегі атанып, тағы да бір рет ақ көйлек киген болатын. Енді міне аталған телехикаяға әншінің ұлы да түскен екен.

Әнші әлеуметтік желі арқылы ұлының видеосын бөлісіп, оның да түсірілімге атсалысып жатқанын айтады. “Балапаным, құлыным менің! Менімен киноға түсіп мәз болып жүр!” – деп жазады видеоның тұсына.

Желі қолданушылары видеоға тамсана қарағандарын жарыса жазып жатыр. Арасында көз тиеді деп қорыққандары да болды. “Тіл-көзден аман болсын! Бағындырар белестері көп болсын!”, “Алла-ай, күлкісін-ай”, “Мұны мәңгілік айналыдырып көре беруге болады”, “Аузы әкесіне ұқсайды екен”, “Құдай-ай! Тәп-тәтті өзі. Ғұмыры ұзақ болсын! Аман жүрсін” деп жазады олар.


Жіберіп алмаңыз:

“Ninety one” тобы: Хейтерлерден қорғану үшін шынайы өмірде қару қолданғанымыз рас (видео)

Жанды дауыста ән айта алмаған Төреғали мен Ерке елдің көңілін қалдырды (видео)

Аша Матай бокспен айналыса бастады (фото)

Айқынның өтірігі ашылып қалды

Талқылау