Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Сейітмағамбет: Мен үшін босану қиын болды

Актер Дәурен Айдарқұловпен қарым-қатынасы көпке дейін елдің аузынан да, назарынан да түспеген әнші Ақбота Сейітмағамбет бүгінде барлық қауесеттің нүктесін қойған. Заңды түрде некелерін қиған жұлдызды жұп бүгінде Ибрагим есімді ұлын тәрбиелеп отыр, деп жазады Stan.kz.

Ақбота Сейітмағамбет

Бүгін де Дәуренмен қарым-қатынасын жасырмайтын Ақбота-Нұр отбасылық өмірін де құпия ұстамайды. Бұл жолы ол жүктілік кезіндегі қиындықтары туралы айтып берді.

Әншінің сөзінше, ол жүктілігінің алғашқы 5 айында бірнеше рет ауруханаға түсіп қалған.

«Жүкті кездегі күнім 42-аптада қалай өтті? Қазір соны ойласам күлкім де, жылағым да келеді…

Жүктіліктің бастапқы 5 айы мен үшін қиын кезең болды. 5 айда 5 рет ауруханаға жатып шығу деген бір сұмдық екен.

Күнде кезекте тұрып анализ тапсыру, қантсыз, тұзсыз тамақтар жеу. Оның үстіне қысты күні бүкіл дүкендерді аралап, «үнді қауынын» әрең тапқанбыз», – деп жазды Ақбота Instagram-парақшасында.

Сондай-ақ, ол тұңғышын 3 күн толғатқанын да жасырмады.

«Ал қалған айлар ойдағыдай өтті деп айталамын. Бірақ еркелік, аяқ асты түннің бір уақытында жылап, сонан соң тойып тамақтану – бұл менікі.

Ең қызығы, өзімнің босану уақытымнан біраз уақыт асып кеттім…
Сөйтіп 3 күн толғатып, Алланың қалауымен 01.06.2017 жылы кешкі сағат 18:25-те ұлым дүниеге келді.

Мен үшін босану қиын болды. Түскі сағат 11-ден кешкі 18:25-ке дейін босану залында болдым… Босана салып,наркозбен ұйқыға кеткенім әлі есімде», – дейді әнші.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау