Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Сейтмағамбет әйгілі “PRODA” туфлиін қазақстандық бойжеткенге тарту етпек (видео)

“Гламур для дур” фильмінің басты кейіпкері Ақбота Сейтмағамбет инстаграм желісінде байқау ұйымдастырды. “Өлгенский туфли” деп аталатын байқаудың жеңімпазына "PRODA" туфлиі тарту етілмек.

новый коллаж Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Ақбота Сейтмағамбет әйгілі "PRODA" туфлиін қазақстандық бойжеткендердің біріне тарту етпек. Аталған туфлидің иегері атану үшін басты кейіпкер Ұлжанға пародия жасау қажет. Ал байқаудың нәтижесі бір аптадан кейін белгілі болады. “Достар, тағы бір жаңа конкурске қатысқыларыңыз келсе, “Гламур для дур” фильміндегі менің “өлгенский” туфлиімді жеңіп алғыларыңыз келсе, парақшаның астындағы сұрақтарға жауап берсеңіздер болады. Менің “өлгенский” туфлиімді жеңіп алуларыңа тілектеспін”, - дейді Ақбота Сейітмағамбет.
Ал конкурстың шарты төмендегідей: 1. @567cinema және @ulzhan_official01 парақшаларына тіркеліңіздер. 2. Фильмнің кез келген үзіндісін алып, басты кейіпкер Ұлжанға пародия жасаңыз. Қалауыңызға сай, фото, видео, сурет, стеб жасауыңызға болады. 3. Артынша #proda#ӨлгееенскийТуфли#ОднаБукваРазницаАценаДругая хэштегтерін белгілеңіз. 4. Аккаунтыңызды ашық қалдырыңыз. Конкурс нәтижесі бір аптадан кейін белгілі болады.
Инстаграмда өтетін байқаудың жарияланғанына екі күн ғана болса да, қазақстандық қыз-келіншектер жарыса атсалысып жатыр. Бірі суретке түсуді жөн көрсе, екіншілері видео түсірген.
Жіберіп алмаңыз: Беларусь әншісі Қайрат Нұртас туралы: Оны жұрт Майкл Джексонге теңейді БАҚ-қа шолу: Қыдырәлі Қарақаттан тоқал алып беретіндігін жазуды өзі сұрағанын ашып айтты «Өзінің жасына лайықсыз» көйлек киген Мәдина Сәдуақасова сынға қалды Ділназ Ахмадиева опа-далапсыз түрімен бейнебаянға түсті
Талқылау