Ақбота-Нұр тағдыры өзінікіне ұқсас қыздың рөлін сомдады

Жеке өміріндегі өзгерістен кейін КешYou тобынан кеткен Ақбота-Нұр Сейітмағамбет бүгінде жеке шығармашылығына жіті көңіл бөлуде. Бірнеше ән жаздырған ол Қуандық Рахыммен бірге гастөлдік сапарларға шықты. Десе де, табиғатыма актрисалық жақын деген Ақбота бүгінде көп уақытын кино саласына бөлуде, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Ақбота Сейітмағамбет

Ол бірнеше отандық телехикаялар мен фильмдерге түскен. Солардың бірі – “Жалғыз жауқасын” сериалы. Аталған туындыда Ақбота басты рөлді сомдаған.

“Аллаға Шүкір! “Жалғыз жауқазын” сериалын түсіріп біттік. Ура, бір жарым ай ұйқысыз түндерім-ай. Біздің командаға үлкен рахмет! Менің еркелігімді, қырсықтығымды, капризный мінезімді көтергендеріңіз үшін! Визажистерге раxмет күніге осылай мені сұлу етіп бояп береді, костюмерлерге вообще алғысым шексіз киімдерім всегда үтіктелген!

“Мелодрамада ойнау өте қиын болды. Күніге түсірілім алаңында күліп тұрып жылау… Ай-ай жастан жас қалмады. Себебі Айсұлу деген қыздың тағдыры өте қиын, ата-анасынан бір күнде айырылып, сүйген жігіті сатқындық жасап. Осының барлығын бойымнан, өзімнен өткізіп, өз ролімді жақсы алып шықтым деп ойлаймын! Бұл мен үшін үлкен мектеп, жақсы біліп алып шықтым деп айта аламын! Бұйыртса күз мезгілінен бастап “Хабар” арнасынан тамашалай аласыздар (автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталған)”, – дейді Ақбота.

Бұл орайда желі қолданушылары кейіпкердің тағдырын Ақботаның өзінікіне ұқсатуда. “Дәл сенің тағдырыңа ұқсайды ғой”, – деп жазды олар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
16.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар