Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота-Нұр күйеуін қатты қызғанатынын мойындады

Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет отандық әншінің бейнебаянында басты рөлді сомдады. Бейнебаянда әнші Кентал Дәуреннің жүкті келіншегіне көз салады. Ақырында қос жігіт жаға жыртысуға дейін барады. Ал шынайы өмірде керісінше, Дәуреннен қарағанда Ақбота қызғаншақтау көрінеді.

Ақбота-Нұр күйеуін қатты қызғанатынын мойындады

Бұл туралы Stan.kz НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Қызғанба” атты бейнебаянға түскен жұлдызды жұп шынайы өмірде де бір-бірін қызғанатын көрінеді. Ал аталған әнді Эрик Тәстембековтің қарамағындағы жас әнші Дана орындайды.

“Мен енді Дәуреннің әйеліне тисіп жатырмын. Байқап, кішкене қарап сол қызға. Сол үшін Дәурен маған қызғанышын білдіріп жатыр”, – дейді клипте басты рөлдердің бірін сомдаған Кентал.

Оқиға мұнымен аяқталмайды. Ақботаға Кенталдан бөлек, полицей де ғашық болып қалады. Айдарқұловқа тағы да төбелесуге тура келеді.

“Көзбен ойнап анау-мынау. Соны Дәурен қызғанып маған келеді де екеуміз төбелесеміз. Кәдімгі төбересеміз. Мен Хабиб сияқты кіремін қазір астынан. Білмеймін Конордың стилі қалай болатынын. Мен Хабиб!” – дейді актер Мейіржан Төребаев.

Ал Ақбота Сейітмағамбет шынайы өмірде күйеуін қатты қызғанады екен.

“Жаным, күнім, айым, түнім деп жатады ғой. Сондай сахналары болып жатыр ма екен деп шамалы қызғанамын. Хабарласып, уатцаптан смс-тер жазып отырамын. Бірақ көбінесе видеоқоңыраулар”, – деп күлді Ақбота-Нұр.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау