Ақбота-Нұр: Біреудің отбасын бұздым деп ойлаған емеспін

Ақбота-Нұр Сейітмағамбет бүгінде Дәурен Айдарқұловтың заңды жары екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, Ақбота актердің бірінші әйелімен ажырасуына өзін кінәлі сезінбейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ақбота-Нұр Сейітмағамбет

Ақбота Instagram-дағы оқырмандарын мазалаған сұрақтарға жауап берді. Онда оқырмандардың бірі: “Біреудің отбасын бұздым деп ойламайсыз ба?” – деп сауал жолдаған. Оған Ақбота:

“Ондай ой сізде болмаса, менде болған емес, болмайды да! Оған қарағанда сізде де сондай жағдай-ау, сірә?” – деп жауап берген.

Оқырмандардың басым бөлігі Ақботаның жеке өмірі, Дәуренмен қазіргі қарым-қатынасы жайлы сұраған. Бұл орайда Сейітмағамбет Айдарқұловтың заңды жары екенін мәлімдеді. “Заңды жарымын, біріншісі де, екіншісі де – мен”, – деп түсіндірді ол.

Бұдан өзге, Ақбота күйеуінен 14 жасқа кіші екенін, болашақта қызды болуды қалайтынын айтқан.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
17.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар