Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота мен Жұлдыз басты рөлді сомдаған бейнебаян жұртты тәнті етті (видео)

КешYou тобынан бір мезгілде кеткен Ақбота Сейітмағамбет пен Жұлдыз Өмірғали отандық жас әншінің бейнебаянына түсті. Осыдан үш күн бұрын желіге жүктелген бейнеклип 200 мыңға жуық қаралым жинап, көпшіліктің қызу талқысына түскен, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Ақбота мен Жұлдыз басты рөлді сомдаған бейнебаян жұртты тәнті етті (видео)

Бұған дейін есімі елге беймәлім болған Азамат Ашировтың “Еркелеші” атты туындысы көпшіліктің көңілінен шыққан.

Тыңдармандар әннің де, клиптің де мағыналы әрі әсерлі шыққанын айтуда.

“Кейбір әншілердің әні де, клипі де онша болмаушы еді, сіз жарадыңыз. Әніңіз де, клипіңіз де керемет болып шыққан”, – деп жазады Әйгерім есімді тыңдарман.

“Қызық шығыпты”, “Бірақ қыздардың актерлік шеберлігі онша емес”, “Мына әншіні бірінші көруім. Бірақ өте жақсы шығыпты”, – деп пікір білдірді өзгелері.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау