Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Керімбекова алғаш рет әкесін көрсетті (видео)

30 күн ойын, 40 күн тойын. Алдымен сырға салу рәсімінен видео жариялап, келінді болғанын жария еткен Ақбота Керімбекова әлі де қуанышымен бөлісуде. Араға бір күн салып келінінің ұзату тойы өткенін хабарлаған әнші күні кеше құдалық рәсімін өткізді, деп хабарлайды Stan.kz.

Ақбота Керімбекова алғаш рет әкесін көрсетті (видео)

Қуанышты бөліссең көбейеді деген Ақбота бұл тойдың да қалай өтіп жатқанын халыққа көрсетуге асықты. Ол құдалық кезінде анасының ән салғанын, сондай-ақ, алғаш рет әкесін көрсетті.

“Ән салып тұрған менің алтын анашым. Бүгінгі той сіздің тойыңыз ғой жаным-ау. Біржанымызды өсіріп, мінекей осындай бақытқа да жеттіңіз. Той құтты болғай! Балаларымыз бақытты болсын. Айтпақшы келесі кезекте құдаларды күтіп жатырған менің әкем Шатырхан. Видеоның ішінде құдағаймен билеп жүрген кісі менің әкем”, – деп асқар тауын көпшілікке таныстырды Керімбекова.

Айта кетейік, әншінің ата-анасы оның бала кезінде ажырасып кеткен. Ақбота бір сұхбатында әке-шешесі айырылысқанда өзіне “бір рет қана тұрмыс құрамын” деп серт бергенін айтқан еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау