Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақан Сатаевтың жаңа фильмінің тизері жарияланды (видео)

Қазақстандық режиссер Ақан Сатаев әлеуметтік желідегі парақшасында «Аудандар» атты жаңа фильмінің тизерін жариялады.

Безымянный

Кинотуынды 1980-жылдардағы Алматы тарихынан сыр шертеді. Кино желісі бойынша, Әрсен есімді бала жаңа мектепке ауысып келіп, ол жерден жаңа достар табады. Ол жаңа келген ортада жүріп небір қиындықтарды бастан кешеді.

Фильмде Әсел Сағатова, Гүлнәр Дұсматова, Жандос Айтбасов сынды жұлдыздардан бөлек, Ақан Сатаевтың қызы Мәриям да бой көрсетеді.

Қазіргі уақытта фильмнің монтаж жұыстары жүріп жатыр. Картина көрермен назарына алдағы күз маусымында ұсынылмақ.

Бұған дейін Ақан Сатаев “Аудандар” фильмінің түсірілім жұмыстарына кіріскенін хабарлаған едік.


Ақан Сатаев атақты «Рэкетир», «Адасқандар», «Жаужүрек мың бала», «Ликвидатор», «Анаға апарар жол», «Ағайындылар» фильмінің режиссеры.

Жіберіп алмаңыздар:

Ақан Сатаевтың “Анаға апарар жол” фильмінің трейлері жарық көрді (видео)

Тағдыр қоспаса да, халық қосқан жұлдызды ғашықтар

Әлия Назарбаеваның «Анаға апаратын жол» фильмінің қашан көрсетілетіні белгілі болды

Қарағандыға Головкин мен шетелдік арнаның түсірілім тобы келді

Талқылау