Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақан Сатаевтың «Она» картинасы әлемнің 250 кинотеатрында прокатқа шығады

Отандық киноөндірісті тұңғыш рет әлемдік деңгейге, Ақан Сатаевтың «Она» фильмі шығарды. Себебі, триллер ТМД-ның 250 кинотеатрында көрерменге жол тартпақ. Пусанда тұсауын кесіп, халықаралық киногерлердің бағасын алып қайтқан режиссер тілшілерге сұқбат берді.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Пусан фестивалінің мәртебесі – Канн, Торонто кинобәйгелерінен кем түспейді. Ақан Сатаев «Она» фильмінің әлемдік тұсаукесерін әдейі сол алаңда ұйымдастырды. Туындысын Жер жаһанның ең беделді киногерлері мен сыншыларының таразысына салу – маңызды болғанын айтады.

“Халықаралық деңгейлі кинофестивальдегі көрерменнің пікірін білу, эмоциясын көру мен үшін маңызды. Жағымсыз пікір білдірген бірде-бір жан болмады. 18 жасар студент келіп, фильмді көрегеннен кейінгі түйген ойы жайлы айтқанда, бұл киноны бекер түсірмегенімізді ұқтым. Айтар ойы бар туынды”, – дейді Ақан Сатаев.

Триллер қарашада Каирдегі «А» санатты кинофестивальге аттанады. Бұдан бөлек, Жапониялық һәм Қытайлық дистрибьютерлер қызығушылық танытқан. Сондықтан, аспан асты еліндегі атақты «Жібек жолы» және «Пекин» кинобәйгелеріне де жол тартады.

Алып шаһарда қызымен жалғыз қалған әйелдің өмірі суреттелетін картинаның идея авторы – Айсұлу Әзімбаева. Актриса режиссермен бірлесе, түсірілім барысында сценарийді ұдайы жетілдіріп, көркемдеп отырған.

“Менің кейіпкерім бүгінгі қоғамдағы әйелдердің жиынтық образы. Тіпті, нәзік жандылар ғана емес, ер азаматтар да өздерімен бір ұқсастықты табары анық. Мегополисте миллиондар арасында жүріп, жалғызсырайтын адамдар жетерлік”, – дейді актриса Айсұлу Әзімбаева.

«Она» триллері «20-шы ғасыр Fox» компаниясы қанатының астына алған тұңғыш отандық туынды. Сондықтан, ТМД-ның 270 кинотеатрында прокатқа шығады. Бүкіл Қазақстанда, ірілі – ұсақты 70 қана үлкен экранның барын ескерсек, Сатаев мырза кассалық жиынның да едәуір боларына үміттенеді.

“Кинотеатрға келіп, жәй ғана көңіл  көтеріп қайтамын деген көрерменге арналмаған. Бұл комедия емес, ой салатын, ауыр триллер”, – дейді режиссер Ақан Сатаев.

«20-шы ғасыр Fox» енді «Она» картинасының тұсаукесерін, Ресейлік киножұлдыздардың қатысуымен Мәскеуде ұйымдастырады. Сосын, Алматыда жабық көрсетілім өтеді. Ал, қалың көпшілікке 30-шы қазаннан жол тартпақ.

Жіберіп алмаңыз:

“Голос” мега-шоуының жұлдызын бұрынғы күйеуі өлтіріп кетті

Елді шулатқан “Зың-зың” әуені шетелден ұрланған болып шықты (видео)

Шу тұрғыны тікелей эфирде Ерке Есмаханға жүрегін ұсынды (видео)

Гүлзира Айдарбекова үшінші перзентінің ұл екенін білгенде өксіп жылағанын айтты

Талқылау