Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақан Сатаев “Көшбасшы жолы” киноэпопеясының жаңа бөлімін таспаламақ

Танымал отандық режиссер Ақан Сатаев "Көшбасшы жолы" киноэпопеясының жаңа бөлімін таспаламақ.

photo_214685 Бұл туралы режиссер желідегі парақшасынжа жазды, деп хабарлайды Stan.kz. "Достар, мен және"Sataifilm" командасы "Көшбасшы жолы. Астана" киноэпопеясының жаңа бөлімін таспалайтынымызды мақтанышпен хабарлаймын. Біз үшін бұл үлкен құрмет әрі зор жауапкершілік", - дейді режиссер. елбасы мен сатаев 110517 Tengrinews.kz басылымына берген сұхбатында Сатаев: "Қазір дайындық жұмыстарын бастап жатырмыз. Қысқаша айтсақ, бұл фильм Елбасының астананы көшіру туралы шешім қабылдаған кезі мен Астананың тұрғызылу жылдарын көрсетеді", - деді. Айта кетейік, бұған дейін "Көшбасшы жолы" киноэпопеясының 5 бірдей бөлімі қазақстандықтардың назарына ұсынылған болатын. Олардың соңғысы "Жұлдыздар тоғысқанда" 2016 жылы түсірілген. Жіберіп алмаңыз: “Қазақфильм” тарихи “Томирис” фильміне түсетін актерлерге кастинг жариялады Мақпал Жүнісова: Суретке түскісі келетін тыңдарманды “мәдениетсіз” деу дұрыс емес Қытай арнасы Димашты түсіну үшін 5 қазақ баласын жұмысқа алған Ернар Айдар дертіне дауа іздеп Кореяға бармақ
Талқылау