Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақан Сатаев “Аудандар” фильмінің түсірілім жұмыстарына кірісті

Ақан Сатаев Әсел Сағатова, Жандос Айбасов, Данияр Алшынов секілді танымал жұлдыздар қатысатын фильм түсіріп жатыр. “Ауданда” деп аталатын туындыда “Алау” тобының жігіттері де бой көрсетуі мүмкін.

144277-INNERRESIZED600-600-1
Фото: instagram.com/casting_sataifilm/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Танымал режиссер Ақан Сатаев “Аудандар” атты туындысының түсірілім жұмыстарына кірісті. Аталған туындыда Алматы қаласының 80-жылдардағы шындығын көрсетпек. Ол мұның Кеңес Өкіметі заманында тәрбиеленген азаматтар үшін де, бүгінгі жастар үшін де қызықты болатындығын айтады. Фильм желісіне келер болсақ, басты кейіпкер Әрсен 1987 жылы шет жақтан қаланың ортасына көшіп келеді. Жігіттің жаңа мектебінде өзіне көптеген дос табады. 13381382_150055362079795_1319832558_n
Фото: instagram.com/asselsagatova/?hl=ru
13381253_257329864622893_1911793879_n Мұнымен қатар, жоғары сынып оқушыларының өзара бірнеше топқа бөлінетіндігін байқайды. Артынша өзі де түрлі оқиғаның куәсі болып, қылмыс әлеміне қадам басады.
Фильмде Әсел Сағатова, Жандос Айбасов және Данияр Алшынов сынды танымал жұлдыздар ойнаса да, басты рөл бұрын-соңды бағын сынап көрмеген актерлерге бұйырған. Ерекше команда жасақтау үшін кастинг бірнеше ай бойы жүргізілген екен. Әзірге фильмнің көрермендерге нақты қашан жол тартатыны белгісіз.
Жіберіп алмаңыздар: Ақан Сатаевтың “Анаға апарар жол” фильмінің трейлері жарық көрді (видео) Тағдыр қоспаса да, халық қосқан жұлдызды ғашықтар Әлия Назарбаеваның «Анаға апаратын жол» фильмінің қашан көрсетілетіні белгілі болды Қарағандыға Головкин мен шетелдік арнаның түсірілім тобы келді
Талқылау