Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақ Олимпиадада қола жүлде иеленген Юлия Галышева елге оралды

Ақ Олимпиадада қоржынымызға жалғыз қола медаль салған Юлия Галышева елге оралды. Могулшы қызды бүгін жанкүйерлері, достары, туған-туыстары Алматы əуежайынан күтіп алды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Юлиямен бірге Оңтүстік Кореядан тағы бірнеше спортшымыз келді. Жарысын мерзімінен бұрын аяқтаған мəнерлеп сырғанау шебері Денис Тен мен шаңғы акробатикасынан ұлттық құрама да бар. Бірақ олар Галышева сияқты көптің алдына шығып сұхбат берген жоқ.Әзірге жалғыз қола медальмен ел құрамасы жалпы есепте 25-ші орында тұр. Кеше шаңғышыларымыз Алексей Полторанин, Денис Волотка, Евгений Величко және Виталий Пухкало эстафеталық сайыста жарыс жолына шыққан болатын. Алайда, 10 шақырымдық бәсекеде жерлестіріміз 8-ші орыннан көрінді. Сондай-ақ, конькимен жүгіруші Екатерина Айдова да 500 метрлік жарыста  жолы болмай, 21-ші орынды місе тұтты. Ал,  дәл қазір қазақстандық спортшылар конькимен жүгіруден ел намысын қорғап жатыр. Яғни, ерлер арасындағы  500 метрлік қашықтықтағы сында Артем Крикунов, Станислав Палкин және Роман Кречке үміт артып отырмыз.

Оқи отырыңыз:

Жас жігіт ойын кезінде өзін құлатып жіберген бойжеткенге тосыннан ұсыныс білдірді (фото)

Екі қолы жоқ болса да кірпіш қалап нәпақасын тауып жүрген мүгедек жігіт елді сүйсіндірді (видео)

Ақтөбелік мұғалімдер оқушылармен бірге аулада от жағып орыстың Масленица мерекесін тойлаған

Күшіктері жоқ ит маймыл асырап алды (видео)

Талқылау