Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақ қан ауруымен ауыратын Тахмина Әбішеваны 8 айлық сіңлісі құтқарып қалды

Ақ қан ауруына шалдыққан екі жасар павлодарлық Тахмина Әбішеваға түрік клиникасында сүйек кемігін сәтті түрде орналастырды. Оның доноры сегіз айлық сіңлісі Амаль болған.

ывыв

Тахмина

eXeju9fwVlY

Амаль

 

Бұл туралы балаларға қамқорлық танытып жүретін Аружан Саин айтып берді.

“Тахминаның анасы Әлия жазып жіберді және мен оны қуанышпен хабарлағым келеді. Бәрі жақсы болып кетсін!” деп жазды ол.

“Алғашқы ауыстыруды кіндік қанынан жасаған, ал екіншісін 15.00-де Амальдың бағаналық жас жасушасынан жасады. Операциядан соң Тахмина ауырсынып, жүрегі айныған. Әрі ыстық болды. Бірақ, артынан бәрі ретке келді. Жаратқанға алғысымыз шексіз, шүкір. Ертең тағы химия. Сіздің қайырымдылығыңыз үшін де көп алғыс. Осы уақыт ішінде бізбен бірге болып, күресіп келе жатқаныңыз үшін рахмет айтамыз”, – деп жазды Тахминаның анасы.

Оның кіші қызының жамбас ұршығынан наркоз көмегімен сүйек кемігі алынып, әпкесіне салынған.

“Өзі кіп-кішкентай, бірақ құтқарушы! Кішкентай батырым”, – деп жазды 8 айлық қыздың анасы Әлия Райымбекова.

Талқылау