Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Франц-Иосифте ақ аю адамға шабуыл жасады

Франц-Иосиф жері арктикалық архипелагындағы  Александр Жері аралында ақ аю адамды талап өлтірді. Оқиға 5 қаңтарда орын алса да, алайда ол туралы қазір ғана белгілі болып отыр.????????????????????????????

Бұл туралы inform.kz хабарлайды

Солтүстік флот үшін “Арктический трилистник” тұрғын үй кешенін салып жатқан “Запсибгазпром-Газификация” компаниясының монтаждаушысы оқиға орнында көз жұмды.

“Түскі астан кейін ер адам жұмыс орнына бара жатқанда оған ақ аю шабуыл жасаған.  Ол жалғыз бара жатқан, осылайша ол ұлттық саябақ пен компанияның қауіпсіздік техникасын бұзған. Аюды осы компанияның өзге қызметкері байқап қалады. Ол да түскі астан соң жұмысына бара жатқан.

Әлгі қызметкер пиротехникалық құралдармен жыртқышты үркітіп, кейінірек сол жерде жатқан мәйітті байқаған.

Талқылау