Аиша: Бүркіт әлі қыздың әкесі екенін сезініп жүрген жоқ

Биыл үшінші мәрте сәбилі болған Бүркіт пен Аишаның қуанышында шек болмады. Жұлдызды жұп екі ұлдан кейін қызды болды. Бүгінде Бүркіттің Сафия есімді қызы 7 айдан асты. Алайда бір қызығы, жұлдызды әке өзі көптен күткен қызына әлі күнге дейін жақындамайтын көрінеді.

Бүркіт пен Аиша

Бұл туралы Әйгерім Сейфолланың “Сырласу” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Ол әлі түсінген жоқ. Айбек кішкентай балаларға аса жақындамайды. Кішкене адам қатарына қосылған кезде жақындай бастайды. Мүмкін баланың өміріне бірден араласатын ер адамдар бар шығар, бірақ Айбек қорқады. Ол көбінесе ұлдарымызбен уақыт өткізеді. Солармен сөйлеседі, бір-бірін түсінеді. Ал мен Сафиямен. Сондықтан ол әлі қыздың не екенін де түсінген де жоқ”, – дейді Аиша.

“Кішкентай ғой әлі. 1 жасқа келген кезде Құдай қаласа, қылықтары шығады. Негізі үнемі біргеміз ғой”, – дейді Бүркіт.

Аиша үш бала туғаннан кейін артық салмақтан арылу қиынға соғып жатқанын айтты. Ал екінші ұлын босанған соң жарына қатаң талап қойған Бүркіт қызды болған соң Аишаға еркіндік берген көрінеді.

“Екінші ұлымыздан кейін арықта деп айттым. Бірақ емізуді қойғаннан кейін, 1 жыл өткеннен кейін, өзімді-өзім қолға алам деді. Бір айдан кейін 15-20 келідей салмақ тастады. Мен таңғалып қалдым. Бұл жолы қатты ештеңе айтып жатқан жоқпын. Өзі біледі ғой. Өйткені емізген кезде кішкентай нәрестеге витамин… Бұл жерде мынаны же немесе жеме деп айта алмайсың. Бірінші кезекте, баланың денсаулығы”, – деп ағынан жарылды Бүркіт.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
10.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар