Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Airbus А320 ұшағы Жерорта теңізіне құлаған болуы мүмкін

Egypt Air әуе компаниясына тиесілі Airbus А320 жолаушылар ұшағы Жерорта теңізіне құлаған. Нақты дереккөздеріне сүйенген жергілікті телеарналар да осылай ақпарат таратуда.

3fc1ae561c5b3eec5ec73d9361b82303

Сурет express-k.kz

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

MS804 рейсін жүзеге асырып Парижден Каирге бағыт алған әуе кемесі Грекияның әуе кеңістігіне кіргеннен кейін радардан жоғалып кеткен.

Airbus ұшағын іздеуге қазіргі таңда Египет пен Грекияның күштері қатар жұмылдырылуда. Авиациялық қызметтің барлық өкілдері кіретін жедел штаб та өз жұмысын бастап кеткен. Мамандар ұшу барысында экипаж тарапынан ешқандай техникалық ақауға байланысты шағым түспегенін айтады. Соңғы деректер бойынша ұшақта 56 жолаушы (оның үшеуі балалар) және 10 экипаж мүшесі болған. Олардың тағдыры әлі белгісіз.

SkyNews Arabia спутниктік каналы ұшақта Египет, Сауда Арабиясы, Франция, Ұлыбритания және Ирак азаматтары болған деген дерек келтіріп отыр.  Қазіргі таңда ұшақ құлаған болуы мүмкін делінген аумаққа құтқарушылар жеткізілген.

Жоғалып кеткен  А-320 ұшағы 2003 жылы өндірістен шыққан. Оны әуеде 6275 сағат ұшқан тәжірибелі ұшқыш басқарған. Ал оның көмекшісінің еншісінде 2766 сағаттық тәжірибе бар екен.

 

 

Талқылау