Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Airbus 380 қонбай ұзақ ұшу уақыты бойынша рекорд жасады

Emirates Airline әуе компаниясына тиесілі Airbus 380 ұшағы ең ұзақ коммерциялық ұшу бойынша үздік нәтиже көрсетті. Дубай-Окленд бағытында 14,2 мың шақырымды 17 сағат 15 минутта ұшып өткен.

363636

Сурет Getty

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Осыған дейінгі рекорд австралиялық әуе тасымалдаушы Qantas-қа тиесілі болатын. Ол ара қашықтығы 13,8 мың шақырым болатын Сидней мен Дубай аралығын 17 сағатта ұшып өткен. Қазіргі таңда Emirates Airline Дубай-Панама бағытында жаңа әуе жолын ашуға ниетті. Егер ол орындалса онда ұшу уақыты 17 сағат 35 минутты құрайды екен.

Талқылау