Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Air France жолсерік әйелдерге Иранға ұшпауына рұқсат етті

Air France компаниясы әйел қызметкерлеріне басына орамал тағуды міндеттейтін Иранға ұшудан бас тартуына рұқсат етті. Иранға әуе рейстері таяуда қайта ашылған еді.

Ұшақ

Компания стюардессаларды алмастыратын “арнайы бөлім” құрмақ. Компанияның кадр бөлімінің өкілі Жиль Гатоның хабарлауынша, “Париж-Тегеран рейсіне қызмет көрсету міндеттелген және жеке себептеріне байланысты орамал тағудан бас тартатын кез-келген әйел басқа рейстерге жіберілетінін” айтты.

Air France 17 сәуірден бастап Иранға аптасына үш рейс шығармақ. Ішкі ережелер бойынша, бұл рейстерде жолсеріктер ұзын жеңді бірыңғай форма мен юбка киюі тиіс. Тегеранға барғанда олар бастарына орама тағуға міндетті. Компанияның Сауд Арабиясы мен басқа бірнеше елге ұшатын рейстерінде де осындай ереже бар.

 

Талқылау