Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Air France компаниясының екі ұшағы жарылыс қаупі бар деген күдікпен жедел қондырылды

АҚШ-тан Парижге бет алған Air France авиакомпаниясының екі ұшағы бортта жарылыс қаупі туындаған соң бағыттарын өзгертуге мәжбүр болды, деп хабарлады STAN.KZ  РИА Новости сайтына сілтеме жасай отырып.

2

65-ші рейспен Лос-Анджелестен Францияға ұшып шыққан A-380 лайнері бомба болуы мүмкін деген дабылдан кейін Солт-Лейк-Сити халықаралық әуежайына бағыт алды. Оның бортында 497 жолаушы болған.

Ал Boeing 777 Вашингтоннан Парижге бет алған. Ол Галифакс әуежайына қонуға мәжбүр болды. Ұшақ бортында 298 жолаушы болған.

Соңғы деректерге сүйенсек, екі ұшақ та сәтті қонған.

Талқылау