Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Air Astana ұшақтарында ғаламтор іске қосылмақшы

Air Astana әуекомпаниясы осы жылдың қыркүйек айынан бастап ұшақ бортына байланыс орнатпақ. Осылайша жолаушылар әлем бойынша алғаш рет ұшу кезінде ғаламторға кіре алады.

image22

Сурет: hi-news.ru 

Жақында осы бойынша Rockwell Collins компаниясымен келісім жасалды. Бұл қызмет түрі барлық үш Boeing-767 лайнерінің бизнес және эконом класында көрсетіледі. Ғаламтор арқылы жолаушылар түрлі бағдарламаларға кіріп, хабарламалар жіберіп, поштасын тексере алады.

Ғаламтор алғашқы ұшаққа 2016 жылдың қыркүйегінде қондырылып, қалған екі ұшаққа 2017 жылдың наурыз, қыркүйек айларында іске қосылады.

Ұшақтағы ғаламтор қызметінің ақысы әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта ғаламтор қолдану қызметінің қолдану шығыны есептеліп жатыр.

Талқылау