Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Air Astana ұшағының Португалияда шұғыл қонуы: Ұшқыштар әуе кемесін мұхитқа қондырмақ болған

Air Astana әуе компаниясының ұшағы Португалияның Бежа қаласындағы әуежайға шұғыл түрде қонуға мәжбүр болған еді. Алайда ұшқыштар әуе кемесін Атлант мұхитына қондыруды жоспарлапты.

Air Astana ұшағының Португалияда шұғыл қонуы: Ұшқыштар әуе кемесін мұхитқа қондырмақ болған

Бұл туралы Jornal de Noticias порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Басылымда хабарланғандай, ұшқыштар әуе кемесін суға қондыру туралы талқылаған. Артынша олар Бежа қаласындағы әуежайға сәтті қонды. Алайда ұшақты бірден қондыру мүмкін болмай, үшінші талпыныстан кейін ғана жерге қонған.

Белгілі болғандай, экипаждың 37 жастағы қазақстандық және 54 жастағы ұлыбританиялық мүшелеріне медициналық көмек қажет болған. Қатты күйзеліс салдарынан олардың жағдайы нашарлап кетіпті. Десе де олар ауруханадағы тексерістен кейін ол жерде қалмапты.

Қазіргі уақытта  ұшақ № 11 әуе базасында тұр. Оған жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау