Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Air Astana ұшағының Португалияда шұғыл қонған сәтінің видеосы пайда болды (видео)

Қазақстандық Air Astana әуе компаниясының ұшағының Португалияның Бежа қаласында шұғыл қонған сәтіні видеосы пайда болды.

Air Astana ұшағының Португалияда шұғыл қонған сәтінің видеосы пайда болды (видео)

Бұл туралы Jornal de Noticias басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Видеожазбадан әуе кемесінің Бежадағы әуежайға қонуға тырысып жатқаны байқалады. Ол жанармайды тауысу үшін, қонатын жердің төбесінде біраз уақыт айналып жүрді.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, ұшақ жерге бірден қона алмай, тек үшінші талпыныстан кейін қоныпты.

Еске сала кетсек, қазақстандық Air Astana әуе тасымалдаушысының ұшағы Португалияда мәжбүрлі түрде жерге қонған еді. Оған ұшу кезінде әуе кемесіндегі ақаулардың анықталуы себеп болған. Бұл кезде бортта тек экипаждың 6 мүшесі болған. Олардың екеуіне медициналық көмек көрсетілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау