Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ойбай, актриса болу сұмдық қиын екен: Танымал сәнгер Аида Кауменова телехикаяға түсіп жатыр (фото)

Отандық танымал сәнгер Аида Кауменова телехикаяға түсіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Аида Кауменова: Ойбай, актриса болу сұмдық қиын екен

Аида Кауменова «Хабар» арнасының тапсырысымен түсіріліп жатқан «Шашу» телехикаясына түсіп жатыр. Сәнгердің сөзінше, ол түсірілім барысында сөздерді жиі ұмытып, салдарынан бір көріністі түсіру үшін бірнеше дубль жасау қате болған.

«Ойбай, актриса болу сұмдық қиын екен. Бірнеше дубль жасап, терлеп, сөздерді ұмытып қалдым. Кішкентай көріністі түсіру үшін, қаншама адам керек екен», – деген сәнгер, Instagram-парақшасында әсерімен бөлісті.

Аида Кауменова: Ойбай, актриса болу сұмдық қиын екен

Өз кезегінде желі қолданушылары сәнгердің «шынайы әрі қарапайым» адам екенін айтып, тамсанып жатты.

Десе де пікір қалдырушылардың кейбірі Кауменованың қазақ тілінде жазған жазбасындағы көп қатені байқап, «қазақша жазбай-ақ қойыңызшы» деп сұрады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау