Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ағылшындар ауруды 12 сағатқа басатын таңғыш шығарды

Уорик университетінің (Ковентри, Англия) ғалымдары Medherant фармацевтикалық компаниясымен бірлесіп ауыруды 12 сағатқа дейін  басатын таңғыш ойлап тапты.

7

Егер дененің ауырып тұрған жеріне таңғышты жабыстырып қойса, 12 сағатқа дейін жаныңыз жай табады.

Таңғыш сол уақыт ішінде созылмалы ауруы бар адамдарға жағатын ибупрофенді бөліп отырады.

Ибупрофен – ауыруды басатын ең тиімді дәрі. Бірақ оны көп мөлшерде қолданса, адам ағзасына кері әсерін береді. Ал таңғыш болса ас қорыту жүйесіне түспейтіндіктен, ешқандай қауіп төндірмейді.

Өкінішке қарай, жаңа ибупрофенді таңғыш әзірге сатылымға түспейді. Бұл медициналық жаңалыққа кем дегенде екі жылдан кейін ғана қол жетуі мүмкін.

Бұған дейін Teva Pharmaceutical атты израилдік компания 4 сағатқа бас ауруын тоқтататын Zecuity таңғышын ойлап тапқан болатын.

Талқылау