Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ағылшын тілін үйренушілерге көмек: Түсінуге қиын 20 тұрақты тіркесті қызықты суреттер арқылы жаттап алыңыз

Американдық Тара Лешер ағылшын тіліндегі кең таралған сөз тіркестерін қызықты сурет түрінде бейнелеген. Балаларды суретке түсірумен айналысқан кәсіби фотосуретші 2009 жылы бастауыш сынып мұғалімінің дипломын алған, деп хабарлайды Stan.kz.

Әдетте идиомалар барлығын тікелей мағынасында қабылдайтын балалар үшін ағылшын тілін меңгеруде қиындық туғызады. Төменде ағылшын тілінде ең көп таралған 20 идиома берілген. Олай болса олардың мағынасымен таныс болыңыз.

Ағылшын тілін үйренушілерге көмек: Қиын түсінілетін 20 тұрақты тіркесті қызықты суреттер арқылы біле жүріңіз (фото)

Cat Got Your Tongue

Тікелей аудармасы: мысық тілді алып кетті

Мағынасы: сөйлеу қабілетінен айырылды, тілін жұтып қойғандай болды

Ағылшын тілін үйренушілерге көмек: Қиын түсінілетін 20 тұрақты тіркесті қызықты суреттер арқылы біле жүріңіз (фото)

Raining Cats And Dogs

Тікелей аудармасы: мысықтар мен иттерден жаңбыр жауып тұр

Мағынасы: шелектеп жауғандай

Ағылшын тілін үйренушілерге көмек: Қиын түсінілетін 20 тұрақты тіркесті қызықты суреттер арқылы біле жүріңіз (фото)

Teacher’s Pet

Тікелей аудармасы: мұғалімнің үй жануары

Мағынасы: мұғалімнің сүйікті оқушысы

Ағылшын тілін үйренушілерге көмек: Қиын түсінілетін 20 тұрақты тіркесті қызықты суреттер арқылы біле жүріңіз (фото)

Couch Potato

Тікелей аудармасы: дивандағы картоп

Мағынасы: жалқау, теледидар, смартфон, ноутбук, планшет, компьютер алдында фастфуд жеп жатып, уақытын зая кетіретін ынта-ықылассыз адам

Ағылшын тілін үйренушілерге көмек: Қиын түсінілетін 20 тұрақты тіркесті қызықты суреттер арқылы біле жүріңіз (фото)

Waiting In The Wings

Тікелей аудармасы: қанатымен ұшып тұрып күту

Мағынасы: өз уақытын күту, дайын болу

Ағылшын тілін үйренушілерге көмек: Қиын түсінілетін 20 тұрақты тіркесті қызықты суреттер арқылы біле жүріңіз (фото)

Heard It Through The Grapevine

Тікелей аудармасы: жүзімнің сабағы арқылы есту

Мағынасы: ұзынқұлақ арқылы есту

Ағылшын тілін үйренушілерге көмек: Қиын түсінілетін 20 тұрақты тіркесті қызықты суреттер арқылы біле жүріңіз (фото)

Wish Upon A Star

Тікелей аудармасы: жұлдыздың үстінде тілек тілеу

Мағынасы: алғашқы жұлдызды көргенде тілек тілеу, әлденені қатты қалау және соның орындалғанын армандау

Ағылшын тілін үйренушілерге көмек: Қиын түсінілетін 20 тұрақты тіркесті қызықты суреттер арқылы біле жүріңіз (фото)

Crocodile Tears

Тікелей аудармасы: қолтырауынның көз жасы

Мағынасы: арам пиғылды адамның өтірік жаны ашуы, өзі зиян жасаған адамның қайғысына өтірік ортақтасу

Ағылшын тілін үйренушілерге көмек: Қиын түсінілетін 20 тұрақты тіркесті қызықты суреттер арқылы біле жүріңіз (фото)

In Hot Water

Тікелей аудармасы: ыстық суда

Мағынасы: қиын жағдайда қалу, қиын жағдайға тап болу

Ағылшын тілін үйренушілерге көмек: Қиын түсінілетін 20 тұрақты тіркесті қызықты суреттер арқылы біле жүріңіз (фото)

Cost An Arm And A Leg

Тікелей аудармасы: қол-аяқтың құнындай

Мағынасы: бағасы өте қымбат, көп ақша тұрады

Ағылшын тілін үйренушілерге көмек: Қиын түсінілетін 20 тұрақты тіркесті қызықты суреттер арқылы біле жүріңіз (фото)

Straight From The Horse’s Mouth

Тікелей аудармасы: тікелей аттың аузынан

Мағынасы: сенімдік дереккөзден

Ағылшын тілін үйренушілерге көмек: Қиын түсінілетін 20 тұрақты тіркесті қызықты суреттер арқылы біле жүріңіз (фото)

Beauty Is Only Skin Deep

Тікелей аудармасы: сұлулық теріден терең емес

Мағынасы: жүзінің сұлулығынан су іше алмайсың, сырт келбет алдамшы, сыртына қарап тон пішпе

Ағылшын тілін үйренушілерге көмек: Қиын түсінілетін 20 тұрақты тіркесті қызықты суреттер арқылы біле жүріңіз (фото)

Shirt Off Your Back

Тікелей аудармасы: арқасынан жейдені шешу

Мағынасы: соңғы жейдесін беру

Ағылшын тілін үйренушілерге көмек: Қиын түсінілетін 20 тұрақты тіркесті қызықты суреттер арқылы біле жүріңіз (фото)

Saved By The Bell

Тікелей аудармасы: қоңыраудың көмегімен аман қалу

Мағынасы: әлдеқандай жамандықтан ең соңғы сәтте аман қалу

Ағылшын тілін үйренушілерге көмек: Қиын түсінілетін 20 тұрақты тіркесті қызықты суреттер арқылы біле жүріңіз (фото)

Frog In My Throat

Тікелей аудармасы: көмейде тұрып қалған бақа

Мағынасы: тамағына әлдене тұрып қалғандай, суық тигізіп алып, сөйлеуге қиналу

Ағылшын тілін үйренушілерге көмек: Қиын түсінілетін 20 тұрақты тіркесті қызықты суреттер арқылы біле жүріңіз (фото)

Bull In A China Shop

Тікелей аудармасы: фарфор дүкеніндегі өгіз

Мағынасы: ыдыс-аяқ дүкеніне кіріп кеткен піл тәрізді ебедейсіз әрі әдепсіз адам

Ағылшын тілін үйренушілерге көмек: Қиын түсінілетін 20 тұрақты тіркесті қызықты суреттер арқылы біле жүріңіз (фото)

All Ears

Тікелей аудармасы: барлық құлақ

Мағынасы: мұқият тыңдау

Ағылшын тілін үйренушілерге көмек: Қиын түсінілетін 20 тұрақты тіркесті қызықты суреттер арқылы біле жүріңіз (фото)

Fish Out Of Water

Тікелей аудармасы: сусыз балық

Мағынасы: өзін қолайсыз сезіну

Ағылшын тілін үйренушілерге көмек: Қиын түсінілетін 20 тұрақты тіркесті қызықты суреттер арқылы біле жүріңіз (фото)

Mind Your Own Beeswax

Тікелей аудармасы: өз арасының балауызын қадағалау

Мағынасы: өзгенің шаруасына мұрныңды сұқпа

Ағылшын тілін үйренушілерге көмек: Қиын түсінілетін 20 тұрақты тіркесті қызықты суреттер арқылы біле жүріңіз (фото)

Big Wig

Тікелей аудармасы: үлкен парик

Мағынасы: маңызды тұлға

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау