Ағылшын әйелі шәуетін алып қызды болғаннан кейін, сперма донорына ғашық болып қалған (фото)

Бейсенбі, 31 Наурыз , 2016 13:59

Амина Харт барлық қыздар секілді бала кезінен ақ боз атты ханзадасын кездестіретініне сенімді болған. Өзі сүйген азаматын кездестіріп, көп балалы отбасын құрсам деп армандаған.

338

Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.

826

Британдық қыздың бұл арманы орындалды да. Ол өзі сүйген ер азаматқа тұрмысқа шығып, одан Марлон атты бала сүйді. Алайда, осы кезден бастап, олар қайғылы оқиғаны бастан кешті.

925

Балалары дүниеге келген соң ата-аналар оның денсаулығы нашар екенін сезе бастайды. Ақырында, 4 айдан соң сәби шетінеп кеткен. Дәрігерлер балада тұқым қуалайтын гендік дерттің болғанын айтқан. Алайда, дәрігерлердің өздері де нақты диагноз қоя алмаған. Ең ауыры – олардың екінші ұлы Луис те екі айға толмай жатып шетінеп кеткен. Дәрігерлер екінші ұлына миотубулярлы миопатия (бұлшықеттердің әлсіздігі) диагнозын қойған.

1024-600x800

Ауыртпалықты көтере алмаған ерлі-зайыптылар ақырында ажырасып тынады. Аминаға күйзелістен арылып, қайғысын ұмытуы үшін біраз уақыт керек болған. 2011 жылы ол ана болудың тағы бір жолын іздейді. Сөйтіп, Скотт Андерсонның донорлығымен қолдан ұрықтануды жөн көреді. Нәтижесінде 9 айдан кейін Лейла есімді дені сау қызды өмірге әкеледі. Амина қыздың биологиялық әкесі Скоттпен сөйлесіп, оны қызымен таныстырмақшы болады. Скотт та қызымен кездесуге қуана келісетінін жеткізген.

1222

Содан бастап, Скотт Андерсон қызымен бірнеше апта аралығында кездесуді әдетке айналдырады. Осылайша ата-аналар кездесіп жүріп, бір-біріне ғашық болып қалады. Ақырында некелесіп, үйленеді.

1418

Ұзақ жылдар бойғы ауырталықтарынан кейін Аминаға қайта ана болу бақыты бұйырып, қазір бақытты ғұыр кешуде.

1127

Амина мен Лейла.

250-473x800

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар