“Ағайынды төртеу” тобының серкесі Еркін Ізбасарды 15 жыл 7 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесу сұралды

Ақтөбе облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотында «Ағайынды төртеудің» ісі бойынша жарыссөз өз соңына жетті.

"Ағайынды төртеу" тобының серкесі Еркін Ізбасарды 15 жыл 7 ай бас бостандығынан айыру жазасына кесу сұралды

Бұл туралы aktobenews.kz басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Мемлекеттік айыптаушы «Ағайынды төртеудің» лидері Еркін Ізбасар айыпталып отырған Қылмыстық кодекстің 12 бабын атап өтіп, оны 15 жыл 7 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесуді сұрады.

Ал оның оң қолы болған Аухат Қалиев ҚР ҚК 11 бабын бұзды деп айытпалып, 14 жыл бас бостандығынан айыру жазасы сұралды.

Сот отырысында 26 сотталушыға қатысты айыптаулар оқылды.

26 сотталушының 9-ы «Ағайынды төртеудің» белсенді мүшесі болған. Ал қалғандарының кейбір қылмыстық әрекеттерге қатысы бар.  Айыпталушылар қатарында бұрынғы билік өкілі де бар. Ол – бұрын Ақтөбе облыстық ІІД басқарушысының бірінші орынбасары қызметін атқарған Рахат Ақанов.

Айта кетсек, сот отырысында айыпталушылардың дені өз кінәсін мойындап, шартты жаза немесе баптарды бас бостандығынан айырумен байланысты емес, «жеңілдеу» түріне өзгертуді сұрады. Олар еркіндікте қалу үшін балалары, кәрі ата-анасы тәрізді түрлі себептерді атады. Десе де «Ағайынды төртеудің» басшысымен  бір түрме камерасында отырғылары келмейтіні белгілі. Бәлкім, сот төрағасы бұл жағдайды ескереді.

Ал «Ағайынды төртеудің» лидерлері кінәсін мойындамады. Сонымен қатар «Ағайынды төртеу» тобының болғанын, оған мүшелік еткендерін жоққа шығарды.

Өз кезегінде аталған топтың лидері Еркін Ізбасар өзінің кінәсіз екенін айтты. Алайда соңғы сөзін кейінге қалдырып, өз қорғаушыларынан кейін ғана айтатынын мәлімдеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар