Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ағаштан жасалған антисмартфон пайда болды (фото)

Monohm америкалық компаниясы ерекше заманауи – Runcible атты смартфонға бастапқы тапсырыстар қабылдай бастады. Құрылғы бір жарым жыл бұрын халықаралық көрмеде жария етілген.

20160616080257

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Содан бері ол жетілдіріліп, өндірістік желіге шығарылған. Monohm өз аппаратын антисмартфон деп атады. Оны жасаушылардың айтуына қарағанда пішіні дөңгелек ағаштың ішіне орналастырылған Runcible адамдарды интернеттен бас тартқызуы керек.

20160616080304

Дейтұрғанмен құрылғыда Google Play дүкеніне кіріп кез келген қолданбаны көшіріп алуға шектеу қойылмаған.

20160616080309

Смартфон көне қалта сағаттарына ұқсайды, әрі әкеден баладан мұраға қалдырылатын дүние, деп санайды оны жасаушылар.

20160616080320

Runcible құрылғысында батырмалар жоқ, сенсорлы, microUSB арқылы қуат алады. Оны басқару жүйесі де қарапайым жасалған.

20160616080316

АҚШ-та жаңа құрылғыға тапсырыс беру – 500 доллар тұрады. Ол қыркүйек айында жеткізіле бастайды.

Талқылау