Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Аға, сіз сұлусыз": Танымал тележүргізуші Құдайберген Бекішке ыстық ықыласын жеткізді

Танымал тележүргізуші Құдайберген Бекішке ыстық ықыласын жеткізіп, жер көкке сыйғызбай мақтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Түнгі студия" бағдарламасына сілтеме жасап.

Әзілкеш, тележүргізуші Қайрат Әділгерей әнші Құдайберген Бекіштің сұлулығын айтып, мақтады. Аңыз адамнан сұхбат алуды мәртебе санаймын деп, ыстық ықыласын да білдірген ол. 

"Аға, сіз сұлусыз. Сұлу ағамызды Қазақстан бағаламай жатыр. Жалпы қазақ елінің сондай бір жақсы қасиеті бар. Барды кезінде бағалай алмайды. Бүгін сұхбат алып отырған - аңыз адам", - деді Қайрат Әділгерей.

Құдайберген Бекіштің жақсы қасиетін бағдарлама арқылы тани түскен жұрт та қалыс қалмай, өнер адамының бойынан көрген жақсылықты жазып, қолпаштады.

"Құдайберген ағамыз жақсы кісі екен ғой. Қалжыңбас, өте мәдениетті", "Құдайберген Бекіш ағамызға неге қызыл кітапқа қол қойғызбадыңдар? Аңыз адам деп айтып қоймадыңдар. Бұл кісі әбден лайықты", "Құдайберген ағаның дауысы тамаша, кәсіби әнші ғой. Аман болыңыз", - деп пікір қалдырды желідегілер. 

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр