Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Африкалық боксшы шалбарын шешпей салмақ өлшеді (видео)

Шешенстанда Угандалық боксшы Мұстафа Катэнде мен шешенстандық Руслан Чагаевтың салмақ өлшеу рәсімі өткізілді. Іс-шара кезінде африкалық боксшыға шортысын шешпеуді өтінген. Негізі боксшылар салмақ өлшер кезде тек іш киіммен тұруы тиіс.

4141414141

Бұл туралы dni.ru сайты хабарлайды.

Бастапқыда угандалық спортшы шалбарын шеше бастайды. Бірақ, оған жүгіріп келген аудармашы, одан шалбарын шешпей-ақ қоюды сұраған. “Бұл залда әйелдердің қатысып отыруымен байланысты. Мұстафа, сірә мән-жайды түсінбесе керек”, – депті оқиғадан хабардар куәгер.

Чагаев мен Катэнде рингте 5 желтоқсан күні кездеседі. Өзбекстандық боксшының еншісінде WBA тұжырымы бойынша суперауыр салмақта чемпион атағы бар. Ол өзінің титулын жарты жыл бұрын Грозныйда пуэрторикалық Фреса Окендоға қарсы қорғаған.

Еске сала кетсек, Чагаев 5 наурыз күні тағы бір кездесу өткізеді. РОл барлық 23 кездесуде де жеңіске жеткен Лукас Браунмен кездеседі. Шешен Республикасының президенті Рамзан Қадыров та өзбек боксшысын қолдайтынын айтқан еді: “Руслан Чагаев жекпе-жекке шығар алдында еш қорықпайды. Ол үшін мен уайымдаймын, міне осы уақыт ішінде тіпті сегіз келіге де арықтап кеттім”, – дейді Қадыров.

Талқылау