Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Африкадағы ашаршылықтан халық жаппай қырылуы мүмкін

Африканың бірқатар елі мен Йемен халқына ашаршылық кесірінен жаппай қырылу қаупі төніп тұр.

d48a3f5ef36049c8fa9ff4fb3f8e2438_L

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Жантүршігерлік мәліметті БҰҰ жария етті. Халықаралық қауымдастық өкілдерінің хабарлауынша, оған қуаңшылық пен толас таппай тұрған қарулы қақтығыстар себеп. Қазір Африкада құрғақшылық жайлаған аймақта 20 миллион адам тұрып жатыр. Жағдайдың ушығуына байланысты үй-жайын тастап, басы ауған жаққа босып кеткендер саны артқан. Бүгінде Сомалидің әрбір төртінші тұрғыны босқынға айналды. Оңтүстік Суданда 100 мың тұрғын ашқұрсақ жүр. Тағы миллион тұрғынға осындай қауіп төніп тұр. Э

фиопия елінде де балалардың жартысынан көбі тойып, тамақ ішпейді. Ал Йеменде 19 миллион тұрғын гуманитарлық көмекке мұқтаж. Осы ретте БҰҰ әлемдік қауымдастықтан жәрдем сұрап отыр. Өйткені бүгінде қажетті соманың тек 11 пайызы ғана жиналған.

“2011 жылы Сомали, Эритрея, Эфиопия және Джибутиде 260 мыңнан астам адам аштан қырылды. Олардың жартысынан астамы – 5 жасқа толмаған бүлдіршін. Сондықтан біз ол жағдайдың қайталануына жол бермеуіміз керек”, – деді БҰҰ өкілі Адриан Эдвардс.

Оқи отырыңыз:

Қосымша жезөкшелікпен айналысқан тележүргізушіні жұмысынан қуды (фото)

АҚШ-та әуе компаниясы қызметкерлері емделушісіне асыққан дәрігерді ұрып, ұшақтан түсіріп тастады (фото,видео)

Әйгерім есімді бойжеткен Франция астанасында қазақ мәдени орталығын ашқан (фото)

Тележүргізуші тікелей эфир барысында күйеуінің көз жұмғанын хабарлаған

Талқылау