Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Африкада пәктігі сақталған оқушы қыздарға стипендия беріледі

Оңтүстік Африка республикасындағы Квазулу-Натал провинциясы Утхукела ауданының мэрі Даду Мазибуко пәктіктері сақталған 16 жастағы қыздарға стипендия тағайындады. 26-01-16-afrika-1

Бұл туралы Raz.kz хабарлайды.

«Біз өздерінің пәктіктерін сақтап қалған және содан кейінгі үш жылға дейін сондай тұрмыс салтын ұстанатын қыздарға осылай алғысымызды білдіреміз. Оларға оқуларын бітіргендері жөнінде сертификат алғандарына дейін осылай етеміз», – деді Мазибуко.

Шенеунік әйелдің айтуынша, стипендия алғылары келетін жас қыздар мезгіл-мезгіл дәрігерге тексеріліп тұруға келісім білдіретін құжатқа қол қоюлары тиіс.

Бастамаға қолдау білдірген қоғам қайраткерлері мұның халықтың дәстүрлі салт-санасын сақтап қалуға жақсы көмек беретінін және қыздарды сексуалдық жағынан дұрыс тәрбиелеуге әсер ететінін айтады. Мұның сондай-ақ әртүрлі жұқпалы жыныс ауруларынан сақ болуға да пайдасы бар.

Талқылау